23.09.2024, 9:15
Оқылды: 264

Қаратөбеде ветеринар мамандар арасында семинар-кеңес өтті

Егіндікөл ауылында «Батыс Қазақстан облысы аумағында аса қауіпті және әлеуметтік маңызды жануарлардың инфекциялық ауруларының алдын алу шаралары және иттердің дирофилляриозын анықтау іс-тәжірибесі» атты ветеринариялық стансалар басшылары мен мал дәрігерлері мамандарының кәсіби тәжірибе жетілдіру семинар-кеңесі болып, кеңестің екінші күніндегі шаралар қорытындыланды.

9FCB7BB2-74A0-4F3A-A729-2FD0F0F00D88

Ветеринар мамандардың кәсіби тәжірибе жетілдіру семинарында Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев келген қонақтарға «қош келдіңіз» айтып, аудандағы ауыл шаруашылығы, соның ішінде ветеринария саласының жай-күйін баяндап берді.

Семинар-кеңеске төрағалық еткен БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев облыс көлемінде ветеринария саласында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті.

78BB42FD-2626-4ED1-B83A-63F25E42A293

Кеңестің ақпараттық-теориялық бөлімінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушысы, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Мәлік Шәлменов «Батыс Қазақстан облысы аумағында эхинококкоз ауруын анықтау, алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасады.

Одан соң Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымының кандидаты Кенжебек Мурзабаев «Аса қауіпті және әлеуметтік маңызды жануарлардың инфекциялық аурулары, алдын алу шаралары» тақырыбында кеңеске қатысушыларға арнап баяндама оқыды.

8CAF1F50-D6CA-449E-A980-04C431209FD7

Ауылдық мәдениет үйінде өткен семинар-кеңестен соң шараға қатысушылар Егіндікөл ауылдық ветеринариялық пункт ғимаратының ашылу салтанатына жиналды. Ветеринариялық пункттің ашылуында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев құттықтау сөз сөйледі.

B4055243-7F61-457E-84A5-96511E2EA623

Жаңадан ашылған ғимараттың лентасын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушысы, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Мәлік Шәлменов пен ветеринария саласының еңбек ардагері Серік Нұрмағанбетов қиды. Жиналған жұртшылық ветеринариялық пункттің қызметімен танысып, ғимаратты аралады.

Семинар-кеңестің практикалық бөлімінде профессор М.Шәлменов жаңадан сойылған қой мен ит төшкесінен эхинококкоз ауруын анықтау жолдарын көрсетсе, Б.Кадралиева иттердегі дирофилляриозды анықтау әдістерімен тәжірибе бөлісті.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале