24.09.2024, 14:45
Оқылды: 68

Бөкей ордасында жемқорлық мәселесі талқыланды

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша комиссияның отырысы өтті.

5A57CE3E-C317-4431-9456-CE94170BECE5

Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ақылбек Сағитов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы туралы  өз саласы бойынша есеп берді.

Одан кейін сөз алған аудандық ветеринария стансасының директоры Алмабек Құрмашев ветеринария қызметінде жемқорлық тәуекелдері көптігін айтты. Оның айтуынша, ветеринариялық анықтама берген әріптестеріне бір емес бірнеше іс те қозғалыпты. Абырой болғанда, ветеринарлaр өз істерінің дұрыстығын дәлелдеп шығыпты.

– Мал иесі сырғасы бар малына анықтама алады да, машинаға сырғасы жоқ малды салады. Немесе мал тапсырылатын жерді Түркістан, Қараөткел деп анықтама толтырады да, малымыз Шымкенттен бір шығады. Ал Шымкентке мал тасымалдауға тыйым салынған. Осы жағдайларда ветеринарларымыз кінәлі боп шығады. Ал біз Хан ордасы, Сайқыннан шыққан малға аудан аумағынан шыққаннан кейін бақылау жасай алмаймыз, - дейді Алмабек Құрмашев.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев сегіз айда іске асырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралар бойынша мәлімет айтты.

Аудан басшысы тыңдалған баяндамалар бойынша хаттамалық тапсырмалар берді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале