Қаламгер қысқа ғұмырында тек шығармашылықпен айналысып қоймай, халыққа білім үйретіп ағартушылық қызмет те атқарған. Ол 1919 жылы Петропавлда мектептер ашып, мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырды.
Сурет: министрліктен
Ақынның «Жалғыз жілік», «Ала торпақ», «Өкпеге жауап», «Жәкі мен Құла ат», «Соғыс», «Өмірім» атты өлеңдері жарық көрген. Сондай-ақ «Отарба», «Туғаныма», «Қалқамшырақ» және т.б. мысалдары бар.
Ақынның шығармалар жинағы бірнеше рет басылып шыққан.
Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігі