25.09.2024, 15:45
Оқылды: 79

Суицидті насихаттаған 150-ден астам факті анықталды – Ақпарат министрлігі

Жыл басынан бері елімізде суицидті насихаттаған 157 факті анықталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

FD656F52-C78B-4C3D-9D1D-A4CA6C6BB046

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Биыл 9 айда суицид пен заңсыз контентті насихаттайтын ақпаратты орналастырудың 157 фактісі анықталды. Оның ішінде 20 факті әлеуметтік желілерде жарияланған, сол сияқты 50-ден астам интернет ресурс бұғатталды», — деді Қанат Ысқақов елордада өтіп жатқан Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, вице-министр бүгінде ведомствоның Telegram, Meta, TikTok секілді онлайн-платформалардың өкілдерімен бірлескен белсенді жұмыстың жүріп жатқанын айтты.

«Айта кету керек, аталған платформалар суицид пен заңсыз контенттермен тиімді күресіп жатыр. Бұл олардың жауапкершілігі мен ішкі тәртіпті қатаң сақтайтынын көрсетеді. Өйткені, заңсыз контенттер олардың ішкі саясатына қайшы. Ендігі мақсат теріс мазмұнды контенттерді бұғаттау ғана емес, оның алдын алып, ақпаратты сүзгіден өткізу. Осы орайда модерация қызметі күшейтіледі», — деді Қ. Ысқақов.

Айта кетейік, елордада Astana Media Week апталығы өтіп жатыр. Дәстүрлі шараның биылғы тақырыбы «Медианың әсері және цифрлық үндестік».

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале