25.09.2024, 21:00
Оқылды: 61

Қазақстанның қай өңірлерінде мұғалім жетіспейді

Оқу-ағарту министрілігі еліміздегі педагог тапшылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектеп, оқушы ЖП / Гүлмира С.С

«Қазіргі кезде орта білім беру ұйымдарында мұғалімдерге қажеттілік 3000-ға жуық адамды құрады. Қарағанды, Атырау, Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қаларында педагог тапшылығы бар», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, биыл ЖОО–ларды педагогикалық мамандықтар бойынша тәмамдаған түлектер саны 48 886 адамды (оның ішінде облыс әкімдерінің гранты бойынша 1 512 түлек), ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіргендер 20 081 адамды құрады.

«Жалпы, қалыптасқан сұранысты жоғары оқу орындар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерін жұмысқа орналастыру есебінен жабу жоспарланған», - деп аталып өткен Оқу-ағарту министрілігі ақпаратында.

Айта кетейік, биыл тамыз айының аяғында Қазақстан мектептерінде 398 854 педагог жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Бұған дейін түлектер жиі таңдайтын мамандық — мұғалім екенін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале