26.09.2024, 10:00
Оқылды: 77

Антикор «Астана банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана Банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа және өзге де тұлғаларға қатысты банк активтерін жалған агенттік қызметтер көрсету және бақылауындағы «SKK Tennasy Group» ЖШС пайдасына Алматы қ., Қобдолов к-сі 22 «Б» бизнес-орталық ғимаратын заңсыз иеліктен шығару арқылы аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

B033C2E7-8B94-4850-9005-08AC5E2B1C93

Сурет: Антикор

Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдемелер күдікті О.Тоқтаровтың әрекеттерін ҚР ҚК 28-б. 3-б., 189-б. 4-б. 2-т. және 189-б. 4-б. 2-т. бойынша саралауға мүмкіндік берді.

ҚР ҚПК-нің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақыру қағазымен шақырылады.

Алайда, күдікті О.Тоқтаровтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Күдікті О. Тоқтаровқа жауап алу және іс-әрекеттердің саралануы туралы қаулыны жариялау үшін 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж.Өтепқалиевке келу қажет.

Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК 68-бабы).

Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале