26.09.2024, 17:45
Оқылды: 16

Жаңақалада «Туристік көпсайыс – 2024» аудандық біріншілігі басталды

Бүгін Халықаралық туризм күні және алдағы Ұстаздар күніне орай білім қызметкерлері арасында аудандық «Туристік көпсайыс – 2024» біріншілігінің ашылу салтанаты болды.

3D1AB433-A6CD-4FCC-8E44-BDDD464D4349

Жалпы сайыс білім беру ұйымдарының педагогикалық және өзге де қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау, педагогикалық туристік тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

30996DEB-26F1-43BE-A377-61B125EEB67E

Жиынға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов және жас туристер станциясының директоры Қуат Имашев қатысты. Аталмыш шараға аудан орталығындағы және ауылдық мектептерді қосқанда 11 команда қатысып жатыр.

Сайыстың шарты бойынша командалар өздеріне жеке шатыр тігіп, сол жерден ауқаттанып, келесі күнге дайындық жүргізеді.

613727ED-9F35-40B2-BC52-D59145ED0A8B

Жарыс бес кезең бойынша өтеді. Бүгін «Өткел қашықтығы» мен «Жеке қашықтық» бағамдары бойынша өтсе, жарысқа қатысушылар екінші күні қалған үш кезең бойынша бақ сынайды.

Қызыққа толы туристік жарыстың қорытындысы ертеңгі күннің еншісінде.

Аруғаным Қазиева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале