29.09.2024, 17:30
Оқылды: 95

«Мектепке жол»: Жәнібек ауданында 139 оқушыға көмек көрсетілді

Апта соңында Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиналыста аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

image-29-09-24-09-32-2

Күн тәртібінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізудің қорытындысы, қиын жағдайға душар болған, мемлекеттің көмегіне мұқтаж балалардың мектепке баруы туралы мәселе қаралды.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев аталған мәселеге қатысты өз баяндамасын оқыды.

Оның сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізілген. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылып, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылған. Асхат Хамитұлының берген ақпараты бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында білім беру ұйымдарында 22 оқушы 722615 теңгеге мектеп формасымен, 8 оқушыға 66000 теңгеге аяқ киім, 109 оқушыға 734000 теңгеге мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтылды. Барлық 139 оқушыға 1 млн 522 мың 615 теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық мекемелер атсалысып, өз демеушіліктерін көрсетті. Аудан бойынша барлық білім беру ұйымдарында қиын жағдайға душар болған, мемлекеттің көмегіне мұқтаж сабаққа келмей отырған оқушылар жоқ.

image-29-09-24-09-32

Еске сала кетсек, аудан бойынша 2024 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталған болатын. Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.

Комиссия төрағасы Жақсылық Каримоллаұлы оқу жылының басталғанымн аталмыш акцияның нүктесін қою қажеттігін білдірмейтіндігін, мемлекеттік мекемелер болмасын, білім беру бөлімі тарапынан болмасын әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету тоқтамау қажеттігін жеткізді.

Арай Сейфолла, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале