Облысымыздың шалғайында орналасқан Хан Ордасы ауылы тұңғыштар мекен, тарихи өлке ретінде тек еліміздің ғана емес, шетелдіктердің де қызығушылығын тудырып отыр. Аспан астындағы тарихи музей-қорықты көрушілерге жердің шалғайлығы мен жолдың қиындығы қолбайлау болған еді. Енді міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен ауданымызға қатқыл табанды жол салынып, біздің ауылдың көшелеріне де асфальт төселіп жатыр.
Алдағы уақытта музейге келген қонақтарымыз жол азабын көрмей, тегіс жолмен келіп музейімізді тамашалай алады.
Ел Президентіне, облыстық, аудандық әкімшілігіне, жол салып жатқан ауылдастарға, қолдау көрсеткен ел азаматтарына алғыс айтамыз дейді музей-қорықтың ұжымы.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы