Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшелері Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова Батумиде (Грузия) өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Қазақстандық спортшылар 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік шықты.
Олар финалда Беларусь өкілдері Даниил Виторски/Анастасию Фролова жұбын 3:1 есебімен жеңді.