2.10.2024, 10:00
Оқылды: 98

Жаңақалада қарияларға құрмет көрсетілді

Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен мәдениет үйінде 1 қазан Халықаралық қариялар күніне орай «Мейірбандық мерейлі жүрекпен» атты мерекелік кеш өтті.
 43F2C57D-E628-4B23-B882-C436FC122A03
Алдымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі бұйымдар мен ұлттық тағамдар қойылған көрмеге шолу жасалды.
Аталмыш мейрам қайырымдылық айына тұспа тұс келіп тұрғанын да айта кету керек. Ерен еңбегімен тарих жанында сақталатын, үлгілі әже мен ақылгөй ата болып отырған қарияларымыздың жүзіне қуаныш ұялату – әр перзенттің парызы екені хақ.
Кеш барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы қарияларға ізгі тілегін жолдап, көрмеге атсалысқан жандарға алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етті. Мерекелік концерттің шымылдығын ашқан Анита Қанатқызы мен Мерей Жұмашевтың мәнерлеп оқуын дүйім жұртшылық ұйып тыңдады. Әрі қарай аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары сахнада бой көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.
5D0050A1-A790-4623-950A-8CF0DE2306D6
Әсіресе, ақ жаулықты әжелерден құралған ұлттық тәрбиеде өз үлестерін қосып, ауданымыздың мәдениетін дамытып қана қоймай, көптеген облыстық байқаулардың төрінен табылып жүрген халықтық «Айзере» әжелер ансамблінің халық әні «Әриайдайды» шырқауы ерекше леп берді.
Күмбірлете күй ойналып, мың бұралған бишілер мен әуелете шырқаған әншілер де ортадан табылды. Кеш «Жаңақала – гүл қала» әнімен өз мәресіне жетті.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале