2.10.2024, 14:30
Оқылды: 115

Сырымда сотталған бес адам жұмысқа орналасты

Сырым аудандық мансап орталығының ғимаратында Еңбек күніне арналған іс-шаралар өтті.

AE987182-1D1A-4315-A33A-7C936278100A

Іс-шара жоспарын орындау мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен ашық есік күні өткізілді. Шараға Сырым аудандық жеке кәсіпкерлері қатысып түрлі бағыттағы жұмыс орындарын ұсынылды.

Аудан бойынша 15 есепте тұрған жұмыссыз сотталғандар қатысып, жалпы бес сотталған адам жұмыспен қамтылды.

Атапа айтқанда, екі адам квота арқылы тұрақты жұмысқа, бін адам «ALAN Tir Parking» кемпингіне жастар практикасы арқылы және екі адам «Сұлтанияр» мен «Жексенбай» ЖШС-не әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жолданды.

– Осындай іс-шараларды әркез өткізу – сотталғандарды максималды түрде жұмыспен қамтуға бағыт-бағдар береді, - деп атап өтті пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Искарин Нұржан.

Дамир Идгенев

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале