3.10.2024, 11:45
Оқылды: 52

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
8BDF0C8C-93DF-40BC-BA80-8EB9DB115B91
60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға таласта Орынбасар әзербайжандық Низами Имрановтан басым түскен.

Айта кетелік, бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашғы жүлдесі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале