Қайырымдылық айына орай «Қазақ Зағиптар Қоғамы» бірлестігінің төрағасы Сәкен Болатұлының ұйымдастыруымен зағип жандарға арналған кеш өтті.
Мәстексай, Жаңажол ауылдық округері мен Мұқыр, Сарыкөл, кіші Айдархан елді мекендерінен жиналған азаматтар алдымен «Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы» музейіне ат басын тіреп, меңгерушісі Сымбат Талғатқызы мұрағаттарымен таныстырып, тарихқа шолу жасады. Әрі қарай, «Алтын Сарай» мейрамханасының меңгерушісі Жанаргүл Нұрымқызы демеушілік танытып, аз мәзірін ұсынды.
Бірлестік төрағасы мейрамхана иесіне халық атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен сыйлық табыс етті.
Жүздесу барысында қонақтар жүрек жарды тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға риясыз алғыстарын жеткізді. Жиналғандар көңілді кешті әуезді әнмен жалғап, көтеріңкі көңіл-күймен ортаны толтырды.
- Жыл сайын қайырымдылық айында Сәкен Болатұлы осындай кештерді ұйымдастырып, барлығымызды елеп, басымызды қосып, үнемі шақырады. Бүгінгі музей көрстетілімі мен ақ дастарханды дайындаған ұйымдастырушыларға барлық зағип жандардың атынан ризашылығымды білдіремін. Сәкендей азаматтарымыз көп болып, еңбектерінің жемісін көрсін. Барлық ерекше жандардың деніне саулық, отбасына амандық тілеймін. Деніміз сау, басымыз аман, еліміз тыныш болсын! – дейді мәстексайлық Венера Нұрғазықызы.
Фариза Махамбетова,
Жаңақала ауданы