5.10.2024, 9:43
Оқылды: 108

Жәнібектік Әзизхан республикалық турнирдің күміс жүлдегері атанды 

Таяуда Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында 2011-2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған бокстан республикалық турнир өткен болатын. Турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Жаңаөзен қалалары мен Ақсай, Шыңғырлау, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау, Ақжайық аудандарынан барлығы 223 қатысушы қатысты. 

image-04-10-24-09-49-1

Аталған турнирде 37 келі салмақта жұдырықтастан Жәнібек ауданының жас боксшысы Әзизхан Қадыр күміс жүлдегер атанып, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен қаржылай сертификатқа ие болды.

InShot_20241005_074455343

Сонымен қатар биыл Орал қаласындағы спорт мектебіне оқуға түсіп, білім алып жатқан жәнібектік Мерейхан Қамит үшінші орыннан көрінді.

Қос спортшыны турнирге бапкер Нұрбек Орынбаев дайындады.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале