6.10.2024, 7:20
Оқылды: 97

Ақжайық ауданында 48 референдум учаскесі жұмысын бастады

Бүгін – Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум күні. Бүкіл еліміздегідей, Ақжайық ауданында да референдум учаскелері таңғы сағат 7-де ашылып, дауыс берушілер өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.

IMG_20241006_065911

Чапаев ауылында орналасқан №25 учаскесінде де осы уақытта референдумды өткізу тәртібіне сай жұмыс басталып кетті. Алдымен ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Нұрғали Мүтиев заңнаманы түсіндірді.

Алғашқылардың қатарында ел болашағына қатысты шешімді жасауға келгендердің қатарында Асқар Ахмедьяров та бар.

IMG_20241006_070036

- Мемлекетіміздің ертеңін бүгін ел тұрғындары айқындап жатыр. Бұл референдумды жалпыұлттық диалогтың сенімді көрінісі болды деп айта аламын. Сондықтан еліміздің әр тұрғыны ауызбіршілік танытып, бір кісідей учаске басынан табылып, таңдау жасайды деп есептеймін, - дейді Асқар Ахмедьяров.

Бірінші болып таңдауын жасаған сайлаушыға учаскелік референдум комиссиясының атынан шағын сыйлық табысталды.

Айта кетейік, Ақжайық ауданында барлығы 48 референдум учаскесі бар. Аудан бойынша 21450 тұрғын дауыс беру құқығына ие.

Әлия Шарапиева, 

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале