Бүгін Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдумда таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс беру басталды.
Оған 18 жасқа толған ел азаматтары қатыса алады.
Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 233 мыңнан астам азаматтың аты-жөні бар. Референдум сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысқан кезде өтті деп саналады.
Дәл қазір Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіндегі №440 сайлау учаскеде дауыс берушілерге референдумның талаптары түсіндірілді.
Бұл учаскеге 1972 дауыс беруші тіркелген.
zhaikpress.kz