6.10.2024, 7:40
Оқылды: 37

Жаңақалалықтар бүкілхалықтық референдумда дауыс беріп жатыр

Бүгін Жаңақала ауданы №128 сайлау уческесі 6:00-де ашылып, тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығы, оларда сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті қойылғаны тексерілді. 

image-06-10-24-07-23

Алдымен Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, жауапты комиссия мүшелері жарияланды. Жергілікті тұрғындар 7:00-ден бастап заң нормалары белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауын жасап жатыр. Сондай-ақ, сайлаудың ашық әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері сайлау үдерісіне жіті бақылау жүргізіп отыр.

image-06-10-24-07-23-1

Бүгінгі сайлауда алғаш болып өз таңдауын жасаған Мырзашев Сансызбай атты ауыл ақсақалына сыйлық табыс етілді.

image-06-10-24-07-23-2

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале