Жәнібек шекара басқармасы және «Қайрат» шекара бөлімшесінің қызметкерлері түгелдей дауыс берді. Олар аудан орталығындағы №140 референдум учаскесіне қарайды.
– Еліміз үшін өте жауапты сәт. Еліміздің болашағы біз үшін өте маңызды. Жәнібек ауданында шекара басқармасында қызмет атқарамыз. Бүгінгі референдумға толықтай қатысып, дауыс бердік, - дейді шекара қызметкерлері.
Бану Самат
Жәнібек ауданы