Бәйтерек ауданының барлық ауылдық округтарында орналасқан референдум учаскелерінде сағат 7-00-де дауыс беру басталды.
Айта кетейік, аудан аумағында 54 референдум учаскесі бар. Жалпы дауыс беретін азаматтар саны - 41104.
Аудан орталығындағы №155 референдум учаскесінде дауыс беру басталғанда алғашқы болып өзінің таңдауын жасаған тоғыз тұрғынның бірі – Виктор Вашкевич. Ол осындай референдум, сайлаулардан қалмай дауыс беруге тырысып келеді. Сөйтіп өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп жүр. Бірінші болып дауыс бергені үшін естелік сыйлық алды.
№155 референдум учаскесінің төрағасы Есбол Абдуловтың сөзінше, тұрғындар жақсы көңіл күймен келіп жатыр. Жалпы мұнда дауыс беретін азаматтар тізімінде 1954 азамат бар. Әзірге үйден дауыс беру туралы 29 тұрғыннан өтініш түсті.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы