6.10.2024, 8:09
Оқылды: 111

Сырымдық марафоншы Жұмағұл Молдабеков дауыс берді

Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы №291 референдум учаскесінің алғашқы дауыс берушісі - марафоншы Жұмағұл Молдабеков.

00a56793-adf7-4649-bd11-9d0933d472e0

Жұмағұл мырза биыл – 59 жаста. Бірақ санасы сергек, қимылы ширақ. Оның құпиясы - спорт.
Жұмағұл Молдабеков 2000 жылдан беру жүгірумен айналысады. Таңмен таласып тұрып, күнді қыраттың басынан қарсы алу - марафоншының күнделікті жұмысы.

8e51f36d-08ae-4544-8305-e4c80827f0e5
Желаяқ сүйікті әдетін еліміздегі саяси оқиға сәтінде де ұмытқан жоқ. Ол 6 қазан - Референдум күнінің құрметіне 6 шақырымды жүгіріп өтіп, учаскеге сағат 07:00-де жетіп үлгерді.

«Мен өз дауысымды бердім!» деген жазбасы бар жейдесімен ауылдастарын және елді бірінші салауатты өмір салтына, екіншіден азаматтық белсенділікке үндеп отыр.

Айта кетейік, Жұмағұл Молдабеков - «Syrym RUNNERS» жүгіру тобының жетекшісі.

Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале