Бүгін еліміз бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.
Жалпақтал ауылындағы №254, №253, №244 учаскелік референдум комиссиясы сағат 7:00-де ашылып, жергілікті тұрғындар өз таңдауларын жасады.
Референдумға қатысып, бірінші болып өз таңдауын жасаған Жалпақтал ауылының байырғы тұрғыны, тыл ардагері Бисенғали Айтжанов ақсақал бұл тұрғыда көпке үлгі бола білді.
Учаскелік референдум комиссиясы кешкі сағат 8:00-ге дейін жұмыс жасайды. Дауыс беруге құқылы тұрғындар осы уақыт аралығында өз таңдауларын жасайтын болады.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы