Заң талабына сәйкес байқаушылар республикалық референдум барысын бақылап жатыр. Дәл қазір Бөкей ордасындағы 22 сайлау учаскесінде 88 байқаушы отыр.
Соның бірі – Ақмарал Құсайынова. Бұған дейін де бір емес, бірнеше мәрте сайлау науқанында байқаушы болған Иранқызы бұл жолы 53-учаскеден табылыпты.
Өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын Ақмарал Құсайынова таңғы 6:30-дан учаскеге келіп, ауылдастарының дауыс беру науқанын сырттай бақылап отыр.
– «AMANAT» партиясы атынан сайлау науқандарына байқаушы боп жүрмін. Басқасын білмеймін, ауылда сайлау кішігірім мереке сияқты ғой. Бір-бірімен қауқылдасып, құшақ жая амандасып жатады. Бөтен сөз де, тосын қылық та жоқ, - дейді Акмарал Құсайынова.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы