6.10.2024, 12:47
Оқылды: 55

Қазақстан чемпионы референдумның өтуіне үлес қосып жатыр

Теректі ауылындағы №387 сайлау учаскісінде дзюдодан ҚР чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы комиссия мүшесі боп қызмет атқарады дегенге сенесіз бе?!

сайлау 2024 картинка (1)

Ия, даңқты жерлесіміз Армат Ибраев елімізде референдумның өтуіне өзіндік үлесін қосуда.

– Боз кілемге шығып ел намысын қорғау мен ел үшін маңызды күні сапта болу бір-бірімен теңдес жауапкершілік. Дәл қазір №387 сайлау учаскісінде комиссия мүшесі ретінде тіркелгенмін. Бір қуанатыным – референдум күні басталысымен халықтың белсенділігі тым жоғары. Яғни, әр адам өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануға келгенде жауапты. Үлкен додаларда топ жардым деп үйде қол қусырып отыра алмадым. Мен де елімнің болашағы үшін қызмет еткім келеді, - деді Армат Мақсотұлы.

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале