Т.Жароков атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан №136 референдум учаскесіне ауданымыздың қоғамдық өміріне ұдайы белсене араласып келе жатқан «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі мүшелері өз дауыстарын берді.
– Референдумға қатысу арқылы біз азаматтық белсенділігімізді танытып, әрқайсымыз үшін маңызды мәселе бойынша таңдау жасау мүмкіндігін алып отырмыз. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбіріміздің басты борышымыз. Себебі бұл бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Сол себепті бірлестігіміз атынан барлық аудан сайлаушыларын референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз, - дейді бірлестік төрайымы Ғалия Елемесова.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы