6.10.2024, 16:42
Оқылды: 19

Сырымда «мерейлі жанұя» дауыс берді

Сарой ауылдық округіндегі 302-і референдум учаскесінде аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары Мырзағалиевтер әулеті дауыс берді.

afdc4f5f-53dd-4470-b5c5-23855d10610c

Мырзағалиевтер төрінде ақ шашты әкесі мен ақ жаулықты анасы бар, аяқ астында шұбырған үбір - шүбір баласы бар берекелі шаңырақ.

Үйдің отағасы Жолдыбай – еңбекпен есейген жан.

Құтты төрден 4 қыз, 1 ұл өсіп-өніп шықты. Қазіргі уақытта қарашаңырақ 16 бірдей немере-жиеннің күміс күлкісіне боялып тұр.

Осы үйдің ұлы Нұрбек – Сырым аудандық ветеринариялық станциясы, Сарой ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі. Келін Азиза – мемлекеттік қызметте.

Бүгін де референдум учаскесіне қариялар немерелерін жетектеп, ағылып-төгіліп келіп, мемлекеттің жасыл болашағы үшін таңдау жасады. Сөйтіп, Отан отбасынан басталатынын дәлелдеді.

Айта кетейік, Мырзағалиевтер жанұясы Отбасы күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қабылдауында болды.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале