Ұлттық салт-дәстүрді, отбасы құндылықтарын насихаттауды көздейтін «Сырғалым» келіндер клубының белсенді мүшелері де референдумға ерекше дайындықпен келіпті.
Ұлттық нақышта киініп келген келіндер саяси шараның сәнін аша түскендей.
— Бүгін еліміз үшін айтулы оқиға. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды. Келіндер клубының ұстанымынан ауытқымай осынау шараға ою-өрнекті ұлттық киімімізді киіп келдік, - дейді Сұлушаш Ғұбашева.
Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы