8.10.2024, 16:15
Оқылды: 19

2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсының I кезеңі аяқталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдерді қабылдау 6 қазан күні аяқталды. Конкурсқа барлығы 1 287 өтінім келіп түсті. Қазіргі уақытта өтінімдердің Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_7922

Конкурстың II кезеңі өтінімдерді бағалау және комиссияның жеңімпаздарды анықтауы қазан-қараша айларында өтеді. Конкурстың қорытындысы бойынша 2024 жылғы грант иегерлерінің тізімі желтоқсан айында Министрліктің ресми сайтында жарияланады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале