15.10.2024, 11:00
Оқылды: 48

Көлік полициясы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған бес астаналықты ұстады

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасының бұзылуы бойынша 2 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

IMG_8589

Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 2438 шетелдікке қатысты әкімшілік шара қабылдады. Сот шешімімен олардың 815-і елден шығарылды, ал қос азаматтығы бар 334 адам анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылды.

10 қазанда департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Астана станциясындағы желілік полициямен бірлесіп, заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған 5 астаналық тұрғынды ұстады.

Тергеу барысында олардың «Нұрлы жол» вокзалының халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы шетелдік азаматтарға заңсыз көмек көрсеткені анықталды.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале