16.10.2024, 0:00
Оқылды: 30

Шыңғырлаулық шахматшылар республикалық лигаға жолдама алды

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «AUYL SPORT – 2024» өңірлік ауыл балалары арасындағы лигаға Шыңғырлау ауданы мектептен тыс жұмыс орталығының «Black King» шахмат үйірмесінің оқушылары қатысып, облыстан топ жарып, республикалық лигаға жолдама алды.

462699121_1056921982638623_8702753334778777344_n

Мектептен тыс жұмыс орталығындағы үйірменің оқушылары Төрежан Бақытжанов (8-10 жас аралығында) І орын, Жантөре Құлымжан да (12-14 жас аралығында) І орын, ал Інжу Сәлімжан (8-10 жас аралығында) ІІ орынды жеңіп алды.

Балғын шахматшыларды жаттықтырып жүрген жетекші – Теміржан Мамбетов.

Гүлназ Мұхан

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале