15.10.2024, 21:30
Оқылды: 31

Жалпақтал ауылы әкімі ардагерлермен мерекелік дастарханда бас қосты

Бүгін  Жалпақтал ауылының әкімі Ғаділбек Әлібеков түске дейін ауылдағы бірқатар ақсақалдар мен еңбек ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып «Қариялар күні» мерекесімен құттықтаса, түстен кейін ауыл ардагерлерінің тағы бір тобының басын мерекелік дастархан басында тоғыстырып, оларды да ауылдастар атынан төл мерекелерімен құттықтады.

IMG_2733

Қазыналы жандардың құрметіне жайылған мерекелік дастархан басында бір-бірімен емен-жарқын жүздесіп, мәре-сәре күй кешкен ардақты жандар айтулы шараны жүзеге асырған ауыл әкімі Ғаділбек Әлібекұлына әкелік, аталық алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Шарада қайырымдылық істерімен ерекшеленетін қазан айындағы жаппай қамқорлықты шынайы жүректерімен сезінген үлкен кісілер кездесуде бір-біріне жылы лебіздерін жолдап, естелік суретке түсті.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале