16.10.2024, 11:45
Оқылды: 18

Сырымда «Жас құтқарушы–2024» жарысы өтті

Сырым ауданында «Жас құтқарушы–2024» жарысы өтті.

IMG_2579

Жарысты Жас туристер станциясы ұйымдастырып,  аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен білім беру бөлімі қолдау білдірді.

Іс-шара оқушылар арасында ынтымақтастықты дамыту,  төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттауды мақсат етті.

IMG_2606

Ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғабит Жасталапов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Нұрбол Темірбеков қатысып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жас құтқарушылар «Визит карточкасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Авариялық-құтқару жұмыстары» бойынша сайысты.

IMG-20241015-WA0336

Жарыста балалардың шапшаңдығы, ептілігі, шеберлігі сыналды. Медициналық көмек көрсетуде өз шеберліктерін байқатты, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. 

Сайыстарда әрбір жас төзімділік пен жігер-күшін байқатты, әр команда алғы шептен көрінуге ұмтылды. Тәжірибелі әрі жан-жақты қабілетті команданың асығы алшысынан түсіп, жүзден жүйрік атанды.

IMG-20241015-WA0331

«Визит карточкасы» бойынша:

І орын – Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы, ІІ орын – аудандық «Жас туристер станциясы»  КММ-ның командасы, ІІІ орын – Ж.Досмұхамедов атындағы МББК және Жамбыл негізгі орта мектебінің командасына бұйырды.

«Алғашқы көмек көрсету» бойынша:

І орынды – Жамбыл негізгі орта мектебінің командасы, ІІ орынды – аудандық «Жас туристер станциясы» КММ-ның командасы, ІІІ орынды – Ж.Досмұхамедов атындағы МББК-ның командасы иеленді.

IMG_2792

«Авариялық-құтқару жұмыстары» бойынша:

І орынды – Ж.Досмұхамедов атындағы МББК командасы, аудандық «Жас туристер станциясы»  КММ командасы, ІІ орынды – Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы, ІІІ орынды Жамбыл негізгі орта мектебінің командасы жеңіп алды.

Жалпы командалық есеп бойынша аудандық «Жас туристер станциясы» КММ-ның командасы жеңімпаз атанса, жүлделі екінші және үшінші орындарды Ж.Досмұхамедов атындағы МББК-ның командасы мен Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы өзара бөлісті.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале