Жәнібектіктерге нарық бағамынан төмен бағада ет өнімдерін ұсынып отырған «Әлем» шаруа қожалығының шағын ет өндірісінің өнімдері бүгінде «ALEM» дүкенінің сөресінде сатылымда. Маңыздылығы жоғары ет өндірісінің жұмысымен Жәнібек ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев өзі келіп танысты.
Кәсіп иелерінің сөзіне сүйенсек барлық ет өнімдері өздері жүргізіп отырған шаруа қожалығында өсірілген төрт түлік малдың етінен дайындалады.
«ALEM» ет өнімдері дүкенінің иесі – жас кәсіпкер Батыржан Елемесов.
«Жалпы дүкеннің жұмысын бастап кету үшін бас-аяғы 10 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды»,- дейді кәсіпкер.
Ал аталған өндіріс цехы төрт аудан тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Отандық өндірісті дамытуға тамшыдай болса да үлесін қосуды мақсат тұтқан кәсіпкерге жерлестері де қолдау білдіріп жатыр десек артық болмас. Бүгінде жергілікті кәсіпкердің бастамасымен ашылған ет өнімдері дүкенінің саудасы қызу жүріп жатыр.
Жақсылардың игі бастамасы берекелі болып, ауданымыздан шыққан отандық өнім әлемді мойындатса деген ниеттеміз.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы