Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бөкей ордасы ауданына іс-сапармен барды.
Өңір басшысының сапары Бисен ауылдық округінен басталды.
Бисен ауылында Нариман Төреғалиев мал бордақылау алаңында болды. Алаң – «Каукешев» шаруа қожалығына тиесілі.
Қожалық иесі Ерқанат Сатыбалдиевтің айтуынша, аумағы 3 400 гектарды құрайтын алаң мың басқа арналған. Маусымдық жұмысқа 21 жұмысшы тартылмақ, ал 10 жұмысшы тұрақты түрде қызмет етпек.
Облыс әкімі ауылдық жерлердің тынысын ашып, еңсесін тіктеуге ықпал ететін мұндай инвестицияларды қолдайтынын айтып, жақсы істің жалғасты болуына тілектестігін білдірді.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы