18.10.2024, 14:45
Оқылды: 34

Бөкей ордасындағы жылыжайда 20 тонна көкөніс өндіріледі

Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында тұратын Таңатаровтар отбасы 2019 жылы қайтарымсыз грант алып, ауласында көкөніс өсіруге арналған жылыжай ашады.

3a07ae38-f2ce-4829-9b89-d6f6c57197df

Осы кезге дейін Таңаровтар аудан ауылдарын көкөніспен қамтып келді. Биыл кәсібін кеңейтуді көздеген отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 7,1 миллион теңге көлемінде несие алды. Соның арқасында жылыжай аумағы кеңейді. Өсірілетін көкөніс түрі ұлғайды. Қазіргі таңда Таңатаровтар отбасы оралдықтарды қияр, қызанақ, пияз, баклажан сияқты өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.

Еңбек адамын құрметтейтін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Сайқын ауылына барған сапарында Таңатаров жанұясының жылыжайына арнайы барды.

Осы күні тауар ассортиментін ұлғайтқан кәсіпкерлер тірі көкөністі емес, оның тұздалған түрін де сатуға шығарған. Ауылдың екі тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз еткен. Жылыжай көлемін ұлғайтқан кәсіп иелері 20 тонна көкөніс өндіреді.

– Көкөніс өсіріп өз кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Тауарымызға сұраныс жақсы. Көп адам, тіке үйімізге келіп жаңа жиналған өнімді сатып алады. Артылғанын түрлі жәрмеңкелерге шығарамыз. Болашақта арнайы биогумус өндіріп, тауар сақтайтын қойма салуды жоспарлап отырмыз, - деді кәсіпкер отбасының отағасы Оразбек Таңатаров.

Ауылды ғана емес, ауданды көкөніспен қамтып отырған отбасы жұмысына ризашылығын білдірген облыс басшысы қазіргі таңда тауар өндірушілер өз өнімін «КПО бв» компаниясына сата алатынын айтты.

Сонымен қатар кооперативтер құрып, лизинг арқылы қажетті техника алатын мүмкіндік бар екенін жеткізді.

– Биыл алғаш рет кооператив құрамындағы кәсіпкерлерге техника алып бердік. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының драйвері. Шағын және орта бизнес ел дамуына оң ықпал етеді. Жоғарыда айтқан лизинг арқылы техника алып беру жұмысын жалғастыра береміз, - деді Нариман Төреғалиев.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале