21.10.2024, 11:00
Оқылды: 87

Ақтөбеде бала-бақшаларда бюджет қаражатын заңсыз талан-таражға салған

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар ауданы прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерін анықтады. Бұл жөнінде Бас Прокуратураның баспасөз қызметі жазды.

жп акша Әлішер Уалитханов (1)

«Бюджет қаражаты жұмысшыларға қосымша сыйлықақы беруде бюджеттік өтінімдерді негізсіз жоғарылату арқылы иемденiлген. Бақылаусыз өзгерістер енгізіліп, оның ішінде басшыларға сыйлықақы беру туралы бұйрықтарға сомаларды асыра көтерген.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, аударымдарды қайталау, жалған іс-сапарлар арқылы жүзеге асырылған. Сонымен қатар есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іс-сапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Осы қаражат ешқандай негізсіз есепшінің немесе бала-бақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған. Аудан прокуратураларымен аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 бала-бақша меңгерушісі мен 4 есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық көрсетілген фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале