Алматы облысының Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Сурет: ҚазАқпарат
– Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз, - деп хабарлады облыстық ПД.
Сондай-ақ полиция іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда келесі телефондар арқылы дереу хабарлауды өтінді: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.
Еске салайық, бұған дейін Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат қашып кеткенін жазғанбыз.
Осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді.