22.10.2024, 15:45
Оқылды: 174

Шыңғырлауда «қайырымдылық айы» қалай өтіп жатыр?

Шыңғырлау ауданында қайырымдылық айлығы аясында айшықты шаралар кеңінен өтіп жатыр.

спорт

Айлықтың шапағаты мүмкіндігі шектеулі жандарға да жетіп, ешкім елеусіз қалмады десек болады. Әсіресе белсенділікті ту еткен жандар үшін бұл ай ерекше болғандай.

Жақында игі шаралардың біріне Шыңғырлау ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау берген болатын. Нақтырақ айтсақ, «Шыңғырлау» спорт клубынның ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында гір тасын көтеруден, үстел теннисінен, тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан аудандық жарыс өтті.

Қызықты және тартысты жарыс нәтижесінде дойбы ойынынан жүлде алған Нұрбек Даутов, Евгений Евстифеев, Амангелді Азиханов болды.

Ал гір тасын көтеруден Берік Мұқанов, Бекназ Базарбаев, Арсен Акбалиев жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, үстел теннисінен Асылбек Кұлушев, Бекназ Базарбаев, Нұрсұлтан Исқалиев жақсы нәтижемен қуантып, барлығы да дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале