22.10.2024, 22:00
Оқылды: 189

Казталовта қос орталық бір-біріне мерекелік тарту жасады

Бүгін Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымының ұйымдастыруымен Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қариялар күніне орай  «Қайырымдылық – ең ізгі қасиет» атты мерекелік концерт өтті.

IMG_2763

Мерекелік концерттің негізгі мақсаты – орталықтағы қызмет алушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру арқылы жақсы көңіл-күй сыйлау болды.

Шараны ұжым мүшелерінен құралған квартет «Жақсылық жасап жарысайық» атты көңілді әнмен ашып, жомарт жүректі жандарға амандық тілесе, орталықтың музыка жетекшісі Жеңіс Хасанов «Ауыл қарттары», осы орталықтағы қызмет алушылары Гүлбарам Ибрашева «Атамекен», Қансұлу Сапарова «Ана туралы жыр», кітапханашы Ғалия Бижанова мен дефектолог Лиза Қожановалар «Аппақ гүлдер» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі — мұқтаж жандарға қамқорлық жасап, бір біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту.

IMG_2775

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам жасайтыны белгілі. Сұлу поэзияға кезек берілгенде орталықтан қызмет алушы Гүлбарам Ибрашева «Туған жер» атты өлеңді оқып, аудиторияны сиқыр сезімге бөледі.

Одан кейін кеш барысында музыка мұғалімі Қайрат Абдулов пен орталықтан қызмет алушы Нұрлан Ереев және музыка жетекшісі Жеңіс Хасановтар трио құрып домбыра, гитара аспаптарымен «Анашым», «Қайдасың» әндерімен әдемі әсер қалдырса, мәдени ұйымдастырушы Жеңіс Ақаев «Қимай тұрмын» әнімен концерттік бағдарламаны қорытындылады.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале