23.10.2024, 12:00
Оқылды: 49

«EgovKzBot2.0» telegram-боты: БҚО-да 20 өтініш қаралды

«Жетілдіру үрдістері – бұл азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының қолжетімділігін, ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс. Осы өзгерістердің нәтижесінде аймақ тұрғындары мемлекеттік органдарға деген сенімнің артуына ықпал ететін сапалы және жылдам мемлекеттік қызметтерді алады», - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

757f7878-25e6-4247-b903-8def220fcefc

Цифрландыру-жаңғырту векторы. Өңірімізде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – цифрландыру. Заманауи технологияларды енгізу мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті едәуір жеңілдетеді және оны алу үшін азаматтардың уақыт шығындарын қысқартады.

Мысалы, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтамаларды беру жөніндегі қызметі қызмет беруші қызметкерлердің қатысуынсыз автоматты түрде дайындалған анықтаманы берумен толық автоматтандырылған. Бұрын ол анықтаманы мамандар қолмен өңдеген болатын.

Процедураларды жеңілдету және бюрократиядан арылту. Бюрократиялық кедергілерді азайту да – басым бағыттардың бірі.

Өңірдің мемлекеттік органдарында бюрократиядан арылту бойынша шаралар белсенді енгізілуде, бұл белгілі бір қызметтерді алу үшін өтініштерді өңдеу процесін жеделдетуге және қажетті құжаттар санын азайтуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген рәсімдер мен құжат айналымын жүргізудің цифрлық форматына көшу азаматтарға жүктемені азайтып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілерге тиімдірек жұмыс істеуге көмектеседі.

Мысалы, өңірде кәсіпорындарды тіркеуге, рұқсаттар мен лицензиялар беруге байланысты артық процестерді қысқарту бойынша бастамалар табысты іске асырылуда. Енді бұл қызметтер тезірек және ыңғайлы түрде ұсынылады.

0c6dcf3b-df83-452e-8ec1-73518e41818a

Ашықтық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудың тағы бір маңызды аспектісі – олардың ашықтығы. Өңірдің мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін азаматтардың мемлекеттік қызметшілермен байланысын қысқартуға және мүмкіндікті азайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізуде. Ашық рәсімдер, электрондық сервистер және ашық деректер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі және көрсетілетін қызметтердің жалпы сапасын жақсартады.

Тиімділікті бағалау және кері байланыс. Оңтайландыру процесінің маңызды элементі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін ұдайы бағалау саналады. Өңірімізде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға көмектесетін азаматтармен кері байланыс жүйесі белсенді қолданылады. Аймақ тұрғындары әртүрлі платформаларда, соның ішінде «Электрондық үкімет» порталында, сенім телефондарында және мобильді қосымшаларда өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасы бойынша барлық өңірде, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында осы жылдың сәуір айынан бастап EgovKzBot 2.0 telegram-бот-арнасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жедел жауап береді. Сәуір-қыркүйек айлары аралығында департамент 20 өтінішті қарады.

Мысалы, маусым айында облыс тұрғыны баланы бірінші сыныпқа қабылдау бойынша берілген өтінімге жауаптың жоқтығына шағымданған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Кері байланыс негізінде талдаулар жүргізіледі және мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

Бұл азаматтардың қажеттіліктеріне тез жауап беруге және олармен өзара әрекеттесуді жақсартуға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және жетілдіру – бұл жай ғана реформалар емес, тиімді қызмет көрсету жолындағы маңызды қадам және қазіргі заманғы мемлекеттік басқару», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале