Орал қаласында 25 қазан — Республика күніне орай волейбол жарысынан ерлер арасында қалалық ашық турнир өтті.
Турнирге Орал қаласы, №5517 әскери бөлімі, КАЗИИТУ, «Жігер» (Бәйтерек), №5 ЖОББМ командалары мен Казталов ауданынан «Қарасу» командасы қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аса тартысты өткен турнир нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Орал, ІІ орынды «Жігер» (Бәйтерек ауданы), І орынды «Қарасу» (Казталов ауданы) командалары жеңіп алып, ұлық мереке алдында жанкүйерлерін зор қуанышқа бөледі.