23.10.2024, 16:15
Оқылды: 45

Қайырымдылық айы: Казталовта арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында концерт өтті

Қайырымдылық жасау – адам бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі. Ата-бабамыз әрқашан ұрпағын жастайынан қайырымдылық жасауға үйретіп, адамгершілік қасиеттерді баулуға тәрбиелеп келеді.

image-22-10-24-05-13

Дегенмен қайырымдылық жасау кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Әрбір жасалған жақсылықтың артынан ізгіліктің, адамдардың бір-біріне деген ізгі ниеті, бір-біріне деген сүйіспеншілік қасиеті көрініп тұрады.

Қайырымдылық айы аясында Бостандық ауылының көркемөнерпаздары мен «Асыл әжелер» ансамблі Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жабырқаулы жандардың көңіл-күйін көтеру мақсатында концерт ұсынды.

Мерекелік шарада әуелете әсем ән шырқалып, қамкөңіл жандармен бірге биді де биледі. Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорланушылары екі топқа бөлініп, спорттық ойындар ойнады.

Шара барысында «Асыл әжелер» ансамблі қамқорланушыларға сый-сияпатын беріп, керемет көңіл-күй сыйлады. Казталов арнаулы әлеуметтік орталығының директоры Сәкен Ищанов осындай игі шараны тереңнен ойлап, ұйымдастырған Бостандық ауылының көркемөнерпаздары мен «Асыл әжелер» ансамбліне алғысхат табыстады.

Мейірім Парасат

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале