Ақжайық ауданында қазақ күресінен республикалық «Жас барыс» турнирі өз мәресіне жетті.
Жарысқа еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ аудандардан келген палуандар қатысты.
Бөкей ордасы ауданының атынан шыққан аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы әрі газетіміздің штаттан тыс фотографы Эльдар Сатқанов 84 келі салмақ дәржесінде сынға түсіп, оралдық спортшыға аз ғана басымдықпен есе жіберіп, ІІ орынды иеленді.
Айта кетелік, әріптесіміз бұған дейін де түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
Апайтөс, атан жіліктер сынға түскен аламанның алды болу оңай емес. Эльдар бағындырар биік алда екеніне кәміл сенімдіміз.
Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы