Жаңақала аудандық балалар және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» атты мерекелік кеш өтті.
Алдымен құттықтау сөз Жаңақала аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбайқызына берілді.
Оқырманды және келген қонақтарды айтулы мерекемен құттықтап, азаттықтың ақ жолын сақтап, еліміздің өркендеуіне үлес қосу әрбіріміздің міндеті екенін тілге тиек етті.
Кештің шымылдығын Ақерке Әділбекқызы мен Талғат Қайырғалиұлы «Қазағымсың» әнімен ашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Қыран елім – Қазақстан» кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы Саят Ермекқызы библиографиялық шолу жасады.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы