Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күні қарсаңыңда Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова аудан орталығындағы білім саласында еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерді қабылдап марапаттады.
Сонымен қатар Жәңгір хан, Б.Жаникешев, А.Құсайынов мектептеріне арнайы барып, ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, аталмыш білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттап, аудандық кәсіподақ атынан естелікке шағын сыйлықтар табыстады.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы