Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында 25 қазан – Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынды бастау үшін ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізіліп, Мемлекеттік Гимн шырқалды.
Аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы құттықтау сөз алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосып, қоғамдағы белсенділігімен көзге түсіп жүрген бірқатар мамандарды аудан әкімінің алғысхатымен марапаттады.
Әрі қарай, сазды кеште халық аспаптары оркестрі, үлгілі «Гүлдәурен», «Нұрбибі», би ансамбльдері, «Шабыт», «Салтанат» би ұжымдары және киелі сахнаға жаңа қадам басып жатырған жас өнерпаздар мен мәдени-демалыс орталығының әншілері өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Фариза Эдикқызы,
Жаңақала ауданы