Батыс Қазақстан облысында 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Тутұғырдағы көк байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Мемлекеттік Гимн шырқалды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдегі мекеме-ұжымдардың қызметкерлері мен тұрғындар қатысты.

Сондай-ақ облыстық филармония әншілері патриоттық әндер орындап, жиналған халық қосыла шырқады.

Суреттерді түсірген Мәди Салық
zhaikpress.kz