25.10.2024, 14:00
Оқылды: 72

Республика күні: Бөкей ордасы ауданында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

1990 жылы дәл осы күні мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған еді. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы болатын. Араға жылдар салып қайта оралаған мерекенің маңызы да ерекше. Бұл күні Мемлекеттік туды көтеру рәсімі де айрықша мәнге ие.

FB_IMG_1729843490909

Бүгінгі мереке күні Бөкей ордасы ауданы орталығындағы «Қару аманаты» саябағында мемлекеттік рәмізіміз — Ту көтеру рәсімі өтті.

FB_IMG_1729843511164

Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, еңбек ардагерлері, құқық қорғау, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

Айтулы шарада аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы бөкейліктерді Республика күнімен құттықтады.

FB_IMG_1729843493744

– Әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, Елтаңбамыз – еңселі, Туымыз – тұғырлы, Әнұранымыз – айбынды болсын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдап, жігерін еңбекке жаныған халқы бар еліміздің ертеңі жарқын болғай! Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болып, Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін, - деп аудан басшысы жылы лебізін жеткізді.

Мемлекеттік ту салтанатты көтеріліп, «Көк тудың желбірегені», «Атамекен» сынды елдіктің рухын асқақтатар әндер шырқалды.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале