25.10.2024, 16:30
Оқылды: 67

Бөкейде Республика күніне орай волейболдан турнир өтті

25 қазан – Республика күніне орай және "Нашақорлыққа жол жоқ. Біз – есірткіге қарсымыз!" акциясы аясында Бөкей ордасы ауданының полиция бөлімі "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, ұйымдастыруымен аудандық мекемелер арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

FB_IMG_1729850928304

Турнирге аудандық шекара бөлімі, Бөкей ордасы колледжі, аудандық өрт сөндіру бөлімі және аудандық полиция бөлімі командалары қатысып, өзара бақ сынады.

FB_IMG_1729850937325

Турнирдің ашылу салтанатында облыстық полиция департаментінің басқарма инспекторы Мирас Әлжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары, полиция подполковнигі Тимур Мамытов пен полиция майоры Сабыржан Камешов сөз алып, командаларға сәттілік тіледі.

FB_IMG_1729850925045

Турнир нәтижесінде жалпы командалық есепте Бөкей ордасы колледжі І орын иеленді.

Ал, жүлделі ІІ, ІІІ орындарға шекара бекеті командасы мен ішкі істер бөлімінің командасы лайық деп танылды.

FB_IMG_1729850950117

Үздік ойын үлгісін көрсеткендер де марапатсыз қалмады. Қуандық Сұлтанияров "Үздік ойыншы", Нияз Әділбек "Үздік шабуылшы" аталымдары бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды. Жалпы турнирде бағалы сыйлықтар, медаль және жеңімпаз командаға турнирдің кубогі табыс етілді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале