26.10.2024, 10:00
Оқылды: 99

БҚО: Мичурин ауылында аумағы 300 шаршы метр қойма жанып кетті

Кеше Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында орналасқан қойма отқа оранды. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады. 

Screenshot_20241026_013838_InstagramСурет: видеодан скрин / БҚО ТЖД 

"Кеше шамамен сағат 20:15-те 101 пультіне Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылындағы қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиғаны барлау барысында ангар үлгісіндегі аумағы 300 шаршы метр болатын қойманың төбесі өртенгені анықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Қызыл жалын сағат 21.05-те оқшауланып, 21.31-де ауыздықталды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 30 адам, 12 техника жұмылдырылды», - деп мәлімдеді департаментен.

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале